г. Алматы, пр. Абая 202/1, эт. 2, каб. 3

  • Главная
  • Новости
  • Ақмола облысында өрт сөндіру автокөлігі үлгісінде аялдама орнатылды

19 декабря 2022

«Бұл аялдамада адамдар өрт қауіпсіздігінің алдын алумен танысады. Бұл кез-келген тұрғын үшін қолжетімді профилактикалық жұмыстарды жүргізудің маңызды әдістерінің бірі»

Бурабай ауданы Щучинск қаласында өрт сөндіру автокөлігі үлгісіндегі аялдама ашылды.

Айта кету керек, Ақмола облысында бұл өрт сөндіру машинасы үлгісіндегі жалғыз аялдама. Бұл аялдама тұрғындар мен қонақтарға өрт қауіпсіздігінің негізгі нормалары мен талаптарын түсіндіру бойынша ақпараттық көмек ретінде пайдалы болады.

Осылайша, өрт сөндірушілер Щучинск қаласының тұрғындарының назарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелеріне аударғысы келді. Сондай-ақ аялдамада құтқарушылар мен өрт сөндірушілер мамандығын қалай игеруге болатындығы туралы көрнекі ақпарат орналастырылған. Қазақстандағы жоғары білімі бар білікті офицерлерді даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны – М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясына түсу бойынша толық нұсқаулықтар да бар.

«Бұл аялдамада адамдар өрт қауіпсіздігінің алдын алумен танысады. Бұл кез-келген тұрғын үшін қолжетімді профилактикалық жұмыстарды жүргізудің маңызды әдістерінің бірі», – деп атап өтті Департамент бастығы Нұрлан Атығаев.

 Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/478086?lang=ru